Қоғамдық бақылау жұмыстары жалғасуда

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Шымкент жол-көлік колледжінде қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау тобы талапкерлерді қабылдау барысындағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады. Қоғамдық бақылау барысында кіре берісте кезешіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді залалсыздандыру жұмыстары талап деңгейінде жүргізілуде.

Қоғамдық бақылау нәтижесі бойынша жалпы 163 оқутышының 3 оқытушысы қызмет орнында екені анықталды. Қалғаны қашықтықтан жұмыс жүргізуде. Абитуренттерді egov.kz порталы арқылы онлайн қабылдауда. Ал, оқу орнына келген талапкерлерді толық санитарлық режимдеріне сай қабылдауда.