13 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің қатысуымен онлайн жиналыс өткізілді.
Кеңес отырысының күн тәртібі бірнеше сұрақтар мен ұсыныстарды қамтыды. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2020 жылдың 7 тамызы күнгі Бас Кеңесі қаулыларынан туындайтын міндеттер туралы және 2020 жылдың 2 қыркүйек күні өткізілетін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ХХVI съезіндегі делегаттар қатары туралы түсіндіру мен талқылаулар жүргізілді.
Сонымен қатар, жиналыс барысында 2020 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз», «Еңбек жолы» байқаулары және «Nur Otan» партиясының Праймериз өткізу ережесі туралы ақпараттар беріліп, аталмыш байқауларға кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің қатысу белсенділіктері туралы ұсыныстар талқыланды. Отырыс соңында Үйлестіру кеңесінің мүшелері, салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері алдағы уақытта орындалатын жоспарлары мен іс-шаралары туралы баяндады.