Қазақ халқы қашанда ұрпағын мейірімді, жанашыр, жомарт етіп тәрбиелеуге аса мән берген. Жүрегінде жылуы мол азаматтар жақсылық жасауға бейім тұрады. Қолындағы барымен бөлісу – мәрттіктің, мырзалықтың белгісі.
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы кәсіподақ белсенділерімен бірлесе отырып, орталық ауруханаға 25 дана оттегі баллондарын үлестіріп берді.
Жақсылық жасау тек қаржымен ғана өлшенбейді. Жүректерге жылу сыйлайтын көркем сөздермен, науқас жандардың халін біліп, көңілін сұрап бару – оған үлкен демеу, рухани жәрдем болатыны сөзсіз.
Міне, халқымыздың қамын ойлап, өмірі үшін күрескен барша науқастарға жылу сыйлаған Бақыткүл Құрмантайқызы бастаған кәсіподақ белсендеріне айтар алғысымыз шексіз!