Ақтөбеде кәсіподақ құрылысшыларды құттықтады

Індетке қарсы күрес шаралары кезіндегі қатаң санитарлық нормаларды бұзбай ақтөбелік құрылысшылар тұрғын үйлер,жолдар, əлеуметтік маңызды нысандар салып, ел экономикасын одан əрі жақсартуға үлес қосуда.

Бүгінде облыста жалпы 43 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар “Еңбекпен қамтудың жол картасы ” аясында облыста 209 адам жұмысқа орналасты . “Біз өз кезегімізде кəсіподақ мүшелерінің денсаулығы мен олардың санитарлық талаптарды сақтай отырып еңбек ету ережелеріне мейлінше жағдай жасауды парыз санаймыз”, – деді салалық кəсіподақ жетекшісі. Пандемия кезіндегі күшейтілген карантин талаптарын сақтаған ақтөбелік бастауыш кәсіподақ мүшелері, яғни құрылыс саласының жұмысшылары жемісті еңбек етуде.