“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы” кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктеріне байланысты мәселелерді шешу бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды. Шымкент қаласында төтенше жағдай және карантин режимі кезінде кәсіподақ ұйымы 5 миллион 560 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек жасауды жоспарлаған болатын. Бүгінгі күнге дейін 250-ден астам кәсіподақ мүшесіне жәрдем берілді. Атап айтсақ, медициналық маскалар мен дезинфекциялық ерітінділерді сатып алып, білім беру ұйымдарының техникалық және қызмет көрсету персоналдарына, көп балалы мұғалімдерге, жас мамандарға, педагогикалық еңбек ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, кәсіподақ тарапынан 2020-2021 оқу жылында қашықтық форматта жұмыс істейтін 40 ұстазға ноутбук сатып алу үшін алғашқы төлем – 2 миллион 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары демеушілермен бірлесе мектеп оқушылары мен бірқатар ардагерлерлердің отбасына қайырымдылық жасады. Атап айтсақ, Сареми атындағы №7 мектеп-гимназиясының ұжымы 32 еңбек ардагері мен 156 оқушының отбасына азық-түлік себеттерін үлестіріп берді. Азық-түлік себеттерінде бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 10 кг ұн, 4 кг макарон, 3 литр май, 10 кг картоп, 5 кг пияз, жұмыртқа болды. Ардагерлер де өз тараптарынан бұл індеттен тезірек аман-есен өтіп, кәсіподақ жұмысына абырой, жетістіктер тілеп, алғыстарын жеткізді. Ал, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы” атқарушы комитетінің мүшесі, педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы В.Юсупов № 57 және № 131 орта мектептердің ұжымдарын, сондай-ақ Бозарық массивінің тұрғындарын тегін маскамен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы”, Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы келісімнің аясында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмысшылардың жалақысын толық көлемінде сақтау туралы ұжымдық шартқа қосымша ереже енгізуге мүмкіндік алды (100%). Қазіргі уақытта жұмыс берушілер мен жұмысшының бақылауына жатпайтын себептермен жұмыссыздарды жұмыс уақытында ауыстырған кезде қызметкерлердің толық жалақысын ұстап тұру туралы осындай қосымша ереже орта мектептердегі ұжымдық шарттарға енгізілді.