Кәсіподақтар федерациясының ХХVI съезінің қатысушылар құрамында кәсіподақ жастары бар

«Мен өзімнің Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезіне Батыс Қазақстан облысынан қатысушы делегаттар құрамында екенімді естіп қуандым.  Аталмыш съездің болуы және оған көбірек кәсіподақ мүшелерімен жастардың қатыстырылуы бірнеше түйткілді мәселелерге шешім, жаңа қадамдарға бастама боларына сенімдімін. Әсіресе,  дәл қазіргі әлемдік пандемия кезінде  еңбек  күштері үшін бұл шараның ауқымды, әрі қамтылу аясы кең болуы өте маңызды деп білемін», – дейді өз сөзінде Асхат Байгудеев.

Асхат – Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымдарындарына мүше 41 361 жастың бірі, әрі белсендісі. 2018 жылдан бері БҚО кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшесі. Бүгінгі таңда, Орал қаласы №5 емханасында қызмет етуші жас маман. Өзінің жастық жігерімен бірнеше рет ел алғысын алып та үлгерген, ел басынан өтіп жатқан осынау аумалы-төкпелі заманда жұртының жанашыры, мамандығының жаршысы болып пандемияға қарамастан өз жұмысын адал алып шыққан азамат.   Бүгінде Асхат,  2020 жылдың 2 қыркүйек күні өткізілетін ҚР Кәсіподақтар федерациясының XXVI съездіне қатысуға дайындалуда.