Қыркүйектің 2-деп онлайн тәртібінде өтетін ҚРКФ кезекті 26-шы съезі қарсаңында тұрғын үй коммунальдық шаруашылық және құрылыс мекемелері жұмысшыларының Салалық кəсіподағы Ақтөбе филиалының мүшелері де қолдау танытады. Ақтөбеде қазіргі соңғы бір жыл ішінде ұйымға мүше жұмысшылар қаласы 5 мыңнан 8 мыңға дейін өсті.Бұл-үлкен жетістік.Яғни,кəсіподақ деген еңбек адамдарының сенімі артып келеді.
«Биылғы жыл ішінде шарпыған індетке байланысты елімізде енгізілген төтенше жағдай мен карантин талаптары күшейтілген кезеңде де ақтөбелік коммуналдық тұрғын үй және құрылыс саласы мекемелерінің жұмысшылары ел игілігі жолында эпедимологиялық жағдайды тұрақтандыруға мейлінше үлес қосты.Қазіргі кезде облыста əлеуметтік нысандар құрылысы қолға алынып, 43нысанда құрылыс жұмыстары жүруде.Біздің салалық кəсіподаққа қарасты бастауыш ұйымдардың əсіресе олардың жетекшілерінің еңбегін ерекше атап өткен жөн . Сондай белсенді әрі кәсіподақ жұмысын ілгерілетіп отырған бастауыш ұйым жетекшілерінің бірі-“Акпром”серіктестігінің бастауыш кəсіподақ төрайымы Галина Булахты өзгелерге үлгі ете аламын.Съезде еңбекшілердің мүддесін қорғауға бағытталған тиімді шешімдер қабылдап, салалық кәсіпоақтар ролін арттырғалы отыр.Бұл өте құптарлық. ,дейді Салалық кəсіподақ филилалының жетнкшісі Қуанбай Коктов.