Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясының кезекті XХVI съезі онлайн режимде өткізіледі. «Серіктес» жергілікті кәсіподақ мүшелері мен белсенділері съездің видео-конференц форматында өтуін дұрыс шешім деп ойлайды. Оның себебі, қазіргі елімізде орын алған жағдайларды одан әрі ушықтырмай, кәсіподақ мүшелері вирусты жұқтырып алмай, қоғамдық және санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті бұзбай өткізу мақсатында екенін жақсы түсінеміз әрі қолдаймыз. Бірақ, бірден-бір қуанышты жағдай ол съезге қатыса алмаған кәсіподақ мүшелері ютуб каналынан съезде көтерілген сұрақтар мен шешімдерді көру құқығын алғандығы.
«Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік қоғамы жүз жылға жақын тарихы бар мекеме жұмысшылары Алматы қаласы «Серіктес» жергілікті кәсіподақ комитетінің құрамында. Компанияның 3 500 жуық қызметкері кәсіподақ мүшесі. Компания ештенеге қарамай дауылда да, ыстықта да жұмысты тоқтатпай, карантин режимінде алдыңғы шепте электр энергиясымен қаланы қамтамасыз етумен айналысты. Кәсіподақтың XХVI съезінің басты назарында Еңбек адамының құқығы мен мүдделерін қорғау көзделген. «Серіктес» жергілікті кәсіподағы да қарапайым жұмысшының құқығын қорғап, еңбек ету жағдайын жақсаруы жолында талмай еңбектеніп, Ұжымдық шарттардың барлық тармақтарының орындалуын қадағалап қана қоймай, сонымен қатар осы құжатқа сәйкес санаториялық сауықтыру және жұмысшының емделіп шығуына байланысты материалдық көмектер көрсетуде. Сонымен қатар, қызметкерлердің балаларын сауықтыру үшін іс-шаралар да ұйымдастырылып тұрады. «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» деген бағытты ұстанып мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар да кәсіподақ комитетінің назарынан тыс қалмайды.
Еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорында Өндірістік Кеңес және 22 техникалық инспектор жұмыс жасауда. «Серіктес» жергілікті кәсіподақ комитетінің белсенділері мен кәсіподақ мүшелері кезекті XХVI Съездің жұмысынан көп оң өзгерістер мен жұмыстың жақсаруына жаңа леп алып келеді деп күтеміз. Еңбек қатынастарының тұрақтылығын нығайту жолында және жұмыс берушінің қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында тың өзгерістер алып келетініне сенеміз!