Жарқын жүздесу жаңа бастамаларды айқындайды

Артылған сенімді ақтау жолында жастар, түрлі жастар ұйымдары, бірлестіктер барын салуда. Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесі облыстық филиалы да бұл үдеден шығуға күш салып келеді. «Келешектіктер» бұған дейін де кемел істерді жүзеге асырды, пандемия өршіген тұста, кешегі ел абдырап, халық қобалжыған сәтте де бетпердені қолдан дайындап, оны тұрғындарға таратып, қалғандары аты жаман аурудан сақтану талаптары туралы брошюралар үлестіруге жұмылды. Бұдан бөлек, автоволонтер қозғалысы да қолға алынды. Студенттердің, еңбекші жастардың қауіпсіздігіне де баса мән беріліп келеді. Жанашырлықты ту еткен «келешектіктер» қайырымдылық шараларына да атсалысуда.

Бұл игі істерде ҚР Кәсіподақтар Федерациясының қолдауы ерекше дер едім. Мен алда өтетін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Әділеттілік пен дамуға бірлікте» атты XXVI съезінен де елеулі жаңалықтар күтемін. Оның кезекті рет әлеуметтік мәселелерді шешуде, жастарға жаңа серпін беруге сеп болары анық.

Әйгерім ТЫНЫСБЕКОВА,
Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшесі

#ЕдинствоСправедливостьРазвитие
#26съездФПРК
#БірлікӘділеттілікДаму
# ҚРКФ26съезі