Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы әлемдік кәсіподақ қозғалысының ажырамас бөлігі болып табылады және өзінің халықаралық қызметін жұмысшылармен кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, тұрақты даму, лайықты еңбек стандарттарын енгізу, жалпыға бірдей әлеуметтік қорғау, сонымен қатар жұмысшылар мен кәсіподақтардың негізгі құқықтарын және адам құқықтарын қорғау, кірістерді әділ бөлу, әлемдегі кедейлікті жою, халықаралық кәсіподақ орталықтарымен ынтымақтастық қағидаларына негіздейді.
Съезд делегаттары Кәсіподақтың өткен кезекті съездер кезеңінде халықаралық ынтымақтастықты құруға байланысты күрделі мәселелерге тап болып, халықаралық кәсіподақ бірлестіктері деңгейінде белгілі бір өзара қарым – қатынасты сақтай алғанын атап өтті.
Съезд Кәсіподақ қызметінің басым бағыттары әлемдік кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысу және Халықаралық Еңбек Ұйымымен (ХЕҰ), Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясымен (ХКК), және Жалпыға бірдей Кәсіподақтар Конфедерациясымен (ЖКК) сындарлы өзара әрекеттесу болып табылатындығын растайды.
Кәсіподақтардың лайықты еңбек үшін күресін және Еңбек адамымен байланысты халықаралық ынтымақтастықтың басқа да басым бағыттарын жандандыруға ұмтылысын ескере отырып, ХКК-на мүшелігін жаңарту мақсатында жұмысты жалғастыруға және осы ұйыммен қарым-қатынасты нығайтуға шақырады.
Кәсіподақ өзінің халықаралық қызметінде тәуелсіз мемлекеттердің кәсіподақтарымен ынтымақтастық және Жалпыға бірдей Кәсіподақтар Конфедерациясына (ЖКК) ұйымға мүше елдердің кәсіподақтарымен өзара қарым-қатынасты кеңейтуге ерекше мән береді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Халықаралық Еңбек Ұйымының 24 конвенциясын ратификациялады. Съезд Қазақстан Республикасының жұмысшылар мен кәсіподақтардың құқықтарын қорғайтын ХЕҰ-ның конвенцияларын ратификациялау процесін жалғастыруына және оларды іс жүзінде іске асыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.Съезд делегаттары Кәсіподақтың ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттар мен нормалармен одан әрі үйлестіруге бағытталған ХЕҰ-ның конвенцияларына қосылу қажеттілігі туралы ұстанымын толығымен қолдайды.
Кәсіподақтың халықаралық кәсіподақ қозғалысындағы маңызды құралы ғаламтор кеңістігіндегі инновациялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, демократия, ашықтық және жаһандық ынтымақтастық қағидаларына негізделген үлгі болуға тиіс.
Сонымен қатар, ғаламтор кеңістігінде инновациялық мүмкіндіктерді белсенді және кеңінен пайдалану маңызды.2020 жылғы пандемия ғаламтордың мүмкіндіктерінің тиімділігін көрсетті, сондықтан ақпараттық кеңістік бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру, проблемаларды талқылау, жұмысшылардың мүдделері үшін күресте кәсіподақтардың ортақ ұстанымдарын қалыптастыру және жаһандық мәселелер бойынша жедел шешім қабылдауға арналған алаңға айналуы керек.
Кәсіподақ шетелдік кәсіподақ орталықтарының оң тәжірибесін қабылдап және оны мүше ұйымдарға беру арқылы, Кәсіподақтың барлық құрылымдарын тең құқықтар мен демократия қағидаларына ортақ мақсаттар негізінде біріктіре отырып қызмет жасауы керек.
Съезд:
- ХКК, ЖКК және халықаралық салалық кәсіподақтар ұйымдарының қызметіне барынша қолдау көрсету, олардың қызметіне және халықаралық компанияларға және жұмысшылардың әлеуметтік, экономикалық және саяси құқықтарын қорғауға бағытталған бірлескен іс-шараларға белсенді қатысу;
- Кәсіподақтың ЖКК,ХКК – на мүшелігін жаңарту бойынша жұмысты жалғастыру, ХКК және ХЕҰ ұсыныстарын қолдана отырып, өз қызметінде құрылымдық өзгерістерге қол жеткізу;
- Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бюросымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастыру;
- ҚРКФ және оның мүшелік ұйымдарына халықаралық кәсіподақ ұйымдарымен, салалық және аумақтық кәсіподақ бірлестіктерімен, шетелдердегі кәсіподақ орталықтарымен іс-әрекетті күшейту мен ынтымақтасты нығайту;
- Кәсіподақ кадрларын даярлау, жұмыс істейтін жастарды кәсіподақ қозғалысына тарту, гендерлік теңдік, жұмысшылардың, соның ішінде жұмысшы-мигранттардың заңды құқықтарын қорғауда еңбек және әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша барлық жұмыстардағы демократия қағидаларын негізге ала отырып шетелдік кәсіподақ орталықтарымен тәжірибе алмасуға барынша назар аудару;
- Кәсіподақ қызметінде болып жатқан оқиғалар туралы, оның ішінде халықаралық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, шетелдік кәсіподақтардың жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау тәжірибесі туралы жұмысшыларды үнемі хабардар ету;
- Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жаңа бағдарламаны әзірлеу және қабылдау қажет деп санайды.
Съезд халықаралық кәсіподақтар ынтымақтастығының қағидаларын ұстана отырып, шетелдердің барлық кәсіподақ орталықтарын және халықаралық кәсіподақ ұйымдарын:
- ортақ мақсаттар төңірегінде топтасып, ашықтық, демократия және әділеттілік қағидалары негізінде жұмыс жасауға;
- әділ теңдік пен Еңбек адамның құқығын қорғау жолындағы барлық қиындықтарды жеңуде тоқтамай, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың әрбір адамының жақсы өмір сүруі үшін барлық күш-жігерін салуға шақырады.
Демократия қағидаларына негізделген ортақ мақсаттар төңірегінде бірігу бүкіл әлемдегі кәсіподақ орталықтарының ынтымақтастығын сөзсіз нығайтады!