Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті съезі 2020 жылы 2 қыркүйекте өтеді. Онда ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындалып, алдағы бес жылға ҚРКФ қызметінің басым бағыттары анықталады.
Алғаш рет онлайн режимде өтетін съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 157 делегат қатысады.
Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестер, саяси партиялар жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік кәсіподақ ұйымдарының және Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Бүкілеуропалық аймақтық кеңес (ХКК-БЕАК) секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының съезі – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі және маңызды оқиға. Бес жылдықты қорытындылайтын кәсіподақ форумына қатысушылар пандемия дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіру, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және Еңбек адамының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа форматына ауысу жағдайларында еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын дамыту жолдарын анықтайды.
Жиналыста ҚРКФ XXIV, XXV (кезектен тыс) съездерінің шешімдерін орындау барысы туралы Бас кеңестің есебі, ҚРКФ Тексеру комиссиясының 2015-2019 ж.ж. есебі, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына толықтырулар қарастырылатын болады. Одан бөлек Кәсіподақтар федерациясының төрағасы сайланады және ҚРКФ Бас кеңесінің құрамы бекітіледі.
Съезд делегаттары Кәсіподақтар федерациясының қызметіндегі негізгі бағыттар бойынша қарар және XXVI съезд үндеуін қабылдайды.
Съездің қорытынды нүктесі кәсіподақтар қозғалысын одан әрі жаңғырту мен реформалаудың жолын анықтайтын және жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауды одан әрі қамтамасыз ететін тиімді жұмыс үшін негіз болатын Қазақстан Республикасының кәсіподақтарының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын қабылдау болады.
http://almaty-akshamy.kz/k-sipoda-tar-s-ezi-onlajn-rezhimde-tedi/