inform.kz: “Кәсіподақтар федерациясы үшін еңбек дауларының алдын алу бойынша әлеуетті жақсарту маңызды – Дәурен Абаев”

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні кәсіподақтардың әлеуеті орасан зор ресурстарға ие. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ҚР Кәсіподақтары Федерациясының кезекті XXVI съезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Пандемия, экономикалық өсудің баяулауы, карантиндік шектеулер әлем елдері үкіметінің алдына жаңа міндеттер қойды. Ішкі сын-қатерлерге жедел жауап бере отырып, биліктің қоғамдық сұраныстарға жауап беруі және қанағаттандыру қабілеті маңызды бола түсуде. Бұл үшін тек атқарушы органдардың болуы жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Сондықтан әлеуметтік серіктестік механизмі, мемлекет пен азаматтардың, үкіметтік емес сектордың екіжақты өзара әрекеттесу жүйесінің баламалары жоқ. Кәсіподақтар федерациясы – Қазақстандағы ең көп институционалдық тұрғыда дамыған қоғамдық бірлестіктердің бірі. Жалпы саяси өмірде, экономикалық, әлеуметтік, рухани және мәдени бағдарламаларды жүзеге асыруда оның алар орны ерекше», – дейді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев. Ол бүгінгі күні кәсіподақтардың әлеуеті орасан зор ресурстарға ие екенін айтты. «2017 жылдан бастап федерацияны басқару жүйесі айтарлықтай реформаланып, оның мүмкіндіктері кеңейтіліп, азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғайтын кеңес құрылды. Әрине, ең алдымен кәсіподақтар федерациясы еңбекке қатысты дау-дамайларды шешудің басты бастамашысына айналуы керек. Жұмысшылардың құқықтарын жүйелі түрде жүзеге асыру арқылы ғана әлеуметтік қызметкерлердің күмәні мен сенімсіздігін жоюға болады. Федерация үшін еңбек дауларын болдырмау үшін, әсіресе ірі кәсіпорындарда, өзінің әлеуетін жақсарту өте маңызды. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі екіжақты комиссия шеңберінде функцияларды нақты бөліп, оның орындалуын тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет. Бұл Федерацияның тиісті министрліктермен және әкімдіктермен жұмысшылардың делдалдығы бойынша бірлескен жұмыс үшін өзара іс-қимылының нақты алгоритмін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бізге барлық деңгейдегі кәсіподақтар арасындағы заманауи қолжетімді ақпараттық байланыс қажет. Ақпараттық кеңістікте қоғаммен өзара әрекеттесудің сындарлы арналарын құру қажеттілігі сезіледі», – дейді ол.

https://www.inform.kz/kz/kasipodaktar-federaciyasy-ushin-enbek-daularynyn-aldyn-alu-boyynsha-aleuetti-zhaksartu-manyzdy-dauren-abaev_a3689883