Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезі өтті. Басқосуда бірлестіктің бес жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы атқарылатын басым бағыттар анықталды. Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі және маңызды оқиға жайында тілші тарқатып айтады.
Алғаш рет онлайн режимде өткен съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 157 делегат қатысты. Әлеуметтік әріптестер, саяси партия жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар.
Зұлпыхар Төленді – Келешек жастар кеңесінің мүшесі, мұғалім
Форумға қатысушылар пандемия дағдарысынан кейінгі экономиканы қалпына келтіруді сөз етті. Жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және Еңбек адамының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді тілге тиек етті. Еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын дамыту векторлары анықталды.
Қалдарбек Әбдірайым –Облыстық почта қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы(00:38 – 01:08) (02:17 – 02:23)
Съезд барысында Кәсіподақтар федерациясының бас кеңесінің құрамы бекітілді. Кәсіподақтар қозғалысын одан әрі жаңғырту мен реформалау жолдары айтылып, 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын қабылдады.
Назкен Cкандар
http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/kesipodaktar-federaciyasynyn-xxvi-sezi-otti