“Мектепке жол” қайырымдылық шарасына Ақтөбе рельс арқалық зауытының кәсіподақ ұйымы белсенді қатысуда.
Өз қызметкерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерінің мектепке баратын оқушыларына оқу құралдарын алу үшін 20 мың тенгеден ақшалай көмек берілді. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында тұратын көп балалы және жалғызбасты ананың отбасына қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Зауыттың кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Алданазаров бастаған кәсіподақ мүшелері осы отбасының балаларына киім-кешек, мектеп жабдықтарын алып берді. Балаларға оқуда озат, келешектерінің жарқын болына лебіздерін білдірді. Кәсіподақ ұйымы осындай шараларға ұдайы атсалысып келеді.