Кәсіподақ қолдауымен мұнайшыларға сыйақы берілді

Ақтөбедегі «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы серіктестігінің жұмысшыларына кәсіби мерекеде бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен сыйақы тағайындалды.

Бірлескен кәсіпорында еңбек ететін қарапайым жұмысшылардың еңбек құқығының қорғалуына кәсіподақ көп ықпалын тигізіп келеді. “Жұмысшылардың құқығының қорғалуы – басты назарда”, – дейді кәсіподақ жетекшілері.