Еңбек ұжымдарындағы жұмысшылардың мұң-мұқтажын етене жақын білетін, олардың мүддесі мен құқығын қорғауға белсене атсалысатын бастауыш кәсіподақ ұйымдары. Жақында өткен Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінде алдағы кезеңде еңбек ұжымы бар жерде кәсіподақтың болуын және барлық бастауыш ұйымдардың беделін көтеру жөнінде міндеттер қойылды. Сондай-ақ 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жарияланғаны белгілі.
Осы орайда, бүгін “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығында” алғаш рет кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл мекеме балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі бойынша ғылыми және оқу әдістемелік кешенді бағдарлама әзірлеу, республиканың спорттық резервін даярлау, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру қызметімен айналысады.
Мекеме ұжымымен кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов: Еңбек адамдарының мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол. «Кәсіподаққа кірген қызметкерге әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететіледі. Тегін заң көмегі, кепілдіктер мен өтемақыларды алуға көмек беріледі, сонымен қатар, материалдық қолдау беру, шипажайлық-курорттық емдеуге жолдамаларды алуға жеңілдіктер көрсету көзделген», – деді.
Кәсіподақ қызметінде мол тәжірибе жинақтаған және оны дамытуға зор үлесін қосқан “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығының директоры Тастанбек Есентаевтың айтуынша, «Бүгінгі таңда кәсіподақтар еңбек адамдарының мүддесін қорғаумен қатар, жұмыс берушімен еңбек қатынастарын реттеуде тығыз әріптестікте болатын «көмекшісі» болып танылып отыр.
Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім бірауыздан қабылданып, кәсіподақ комитетінің төрағалығына Молдабай Кәдірбаев сайланды. Мекеме ұжымы бұл бастаманы қолдайтындарын айтып, сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Қазіргі сәтте мекемеде 70-тен аса қызметкер еңбек етеді. Олардың барлығы кәсіподақ құрамына кіруге ниет білдірді.