2020 жылдың 9 қыркүйегі күні «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кеңейтілген Үйлестіру кеңесін Алматы қаласының салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдарының бастауыш ұйым төрағаларымен және кәсіподақ мүшелерімен өткізді.
Кеңестің өткізілу себебі – 2020 жылдың 2 қыркүйегі күні өткізілген Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезінің қорытындылары бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ақпараттандыру.
Съезд жұмысы бойынша кеңесті жүргізген аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева, құжаттармен таныстыру бойынша баяндамашылар – съезд делегаты Данагүл Айнақұлова және аумақтық кәсіподақ бірлестігі төрайымының орынбасары Алмагүл Акимова.
Зәуреш Әбілғожақызы Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен кәсіподақ мүшелерін ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталиннің сайлануымен құттықтап, Сатыбалды Телағысұлының осы кәсіподақ жұмысын жан-жақты білетін білікті маман екенін сөзге тиек етті.
«Съездің негізгі мессенджі, әрі 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиясы кәсіподақ жұмысының негізін айқындап тұрғаны көрініп-ақ тұр», – деді Зәуреш Өмірбаева.
Данагүл Мұхамедкерімқызы съезден алған әсерімен бөлісіп, стратегияда көрсетілген маңызды бөлімдер мен бағыттар жайында айтты. «Кәсіподақ үшін негізгі құндылық Еңбек адамы және оның отбасы екенін басты назарда ұстауымыз қажет екенін съезде бірнеше рет айтылды», – деді Данагүл Айнақұлова.
Съезде қабылданған ҚРКФ Жарғысындағы өзгерістер бойынша және жаңа бренд брендингпен таныстырып, мән-мағынасымен Алмагүл Акимова таныстырды. Кәсіподақ мүшелері съезде қабылданған құжаттардың жан-жақты зерттеліп, Еңбек адамының сапалы өмір сүруі үшін жасалғанына қуанышты болды.