Шымкент қаласында үгіт-насихат жұмыстары «Silkway» университетінде өтті. Кандидаттар”Білім және ғылым”, “ОТАУ” бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесті.
Кездесуге ҚР Парламенті мәжілісіне үміткер – «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, Шымкент қалалық мәслихатына үміткерлер Данияр Үсенов пен Бақайдар Төлегенов қатысты.
Берік Айдарбекұлының сайлауалды бағдарламасы бірқатар салаларды қамтыды. Атап айтсақ, руханият, білім, денсаулық сақтау салаларына кеңінен тоқталды. Он Төтенше жағдай және карантиндік кезінде қызметкерлерге “Азаматтық қорғаныс туралы” Заңға сәйкес, “құтқарушылар” мәртебесін беруді ұсынды. Сондай-ақ, COVID-19 коронавирустық инфекцияны жұқтыруды кәсіптік ауру санатына енгізу қажет деді. Ал, білім саласы бойынша, еліміздегі толық шешімін таппаған үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін жаңа мектеп құрылыстарын және қосымша құрылыс салу қажеттілігін шешу керектігін айтты. Қаламыздың өзінде 19 үш ауысымды және 2 апатты мектеп бар екендігін, сондай-ақ 6 мектеп спорт залмен қамтасыз етілмегенін жеткізді. Сонымен қатар, өзектілігін жоя алмай жатқан мәселелердің бірі – студенттерді жатақханамен қамту мәселесі бойынша Әл-Фараби ауданының өзінде 3595 орынға қажеттілік туындап отырғанын негізге алып, мемлекеттік серіктестік жүйесін енгізу қажеттігін, осы мәселені Парламент қабырғасында Республикалық бюджет Заңын қарау барысында ортаға салатынын жеткізді. Ал руханият бойынша, әділдікке, еңбекқорлыққа, тәртіпке бастайтын ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құқықтық деңгейде бекіту керек”, – деді.