ҚР Кәсіподақтар федерациясының 26 съезіндегі басым бағыттар қарапайым еңбек адамын қолдауға арналған.
Негізгі бағыт – жұмысшы және кәсіподақ қозғалысының барлық мәселелері мен үміттерін жинақтайтын еңбек ұжымдарымен, олардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнату. Осы бағытта бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жандана түспек.
Мәселен, Ақтөбедегі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, Облыстық халық шығармашылығы үйінің қызметкері, 21 баланы асырап, тәрбиелеп отырған патронаттық отбасының анасы Амангүл Ешпановаға ҚР Кәсіподақтар федерациясы үлкен қолдау көрсетті. ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин патронат отбасыға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етті. Жетесовтар отбасында 21 бала өсіп келеді. Ерлі-зайыпты Өмірхан мен Амангүл Жетесовтар есімі өнер сүйер қауымға етене таныс. Олар балалар үйінен қамқорлыққа алған балаларының бойына кішкентайынан мейірімділік, ізгілік қасиеттерін сіңіріп, өнерге баулып тәрбиелеуде. Осы мақсатта «Шашу» халықтық-отбасылық ансамблі бар. Балаларының алды коллежде білім алуда. Береке-бірлігі жарасқан отбасыға қолдау көрсету – үлкен сауапты іс.