Қарағанды облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков «Құрылысмет» ЖШС №1 «Тау-кен машиналары» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. «Қазкөміркәсіп» көмір өндірушілерінің Салалық кәсіптік одағының «Қорғау» көміршілер кәсіподағының мүшелерін толғандыратын басты мәселе – бұл қазіргі жалақы деңгейінің өсуі. Осы орайда қызу талқылаулар болып, өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.
“Бұл мәселеде біз оларды қолдаймыз”, – деді кәсіподақтар орталығының төрағасы.