Кәсіподақ өз қолдауын көрсетті

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ-нің Атқару комитетінің қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы тарпынан кәсіподақ төрағаларының ұсынысы негізінде, компьютерге мұқтаж 100 мұғалімге 50 000 теңге көлемінде материалдық көмек берілу тапсырмасы жолға қойылған болатын.

Нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысының 12 ауданындағы білім беру бөлімдерінің басшылары мен аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының ұсыныстары бойынша өздерінің өтініш-сұраныстарымен компьютерге мұқтаждықтарын жеткізген 48 әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы, көпбалалы ұстаздарға және жұмысқа жаңадан орналысып, жалдамалы пәтерлерде тұрып жатқан жас педагогтарға қашықтан білім беруді қолдау мақсатында кәсіподақ тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.

Биылғы жаңа оқу жылының жаңа форматы білім саласының тікелей ағынында жүрген ұстаздар мен оқушыларға біраз толқулар әкелгені рас. Бұл орайда, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұстаздармен бірге оқушыларды да назардан тыс қалдырмады. Жаңа оқу жылының алғашқы аптасында «Мектепке жол» акциясы аясында 15 Орал қалалық мектептерінің тізімі алынып, онда кіші қызмет атқаратын , әлеуметтік аз қамтылған кәсіподақ мүшелерінің балаларына оқу-құрал жиынтығы бар сөмкелер табысталды. Балалар мәз-мейрам.