Ақ халатты абзал жандардың елеулі еңбегі еленді

Елге келген індет кезінде жанкешті қызмет істеп, ауырған жандарға шипа дарытқан медицина қызметкерлеріне елу пайыздық жеңілдікпен шипажайларға демалу сертификаттары табысталды.

Аймақтың медицина ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес тізім бойынша дайындалған 14 сертификатты табыстау шарасы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Сертификат иелеріне Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов пандемиямен күресте қосқан ерекше үлестері мен ерен еңбектері үшін алғыс айтты. Өз қызметтерін орындай жүріп, коронавирус инфекциясына шалдығып ауырған медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы активіндегі Ақжайық, Меркі, Мойылды, Шучье, Көктем, Манкент, Жаңақорған шипажайларында демалатын болады.