Ақтөбеде кәсіподақтар орталығының жетекшісі Жаңажол кенішінде «Ұлы Қабырға» мұнай-сервистік компаниясы серіктестігіне қоғамдық бақылау жасады. Бақылау нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалмағанына көз жеткізді. Атап айтсақ, қауіпсіздік ережелері оқытылмаған, оқу бағдарламасы жоқ, бекітілмеген, еңбек қауіпсіздігіне арналған мақсатты нұсқамалар талапқа сай жүргізілмеген, емтихан комиссиясы техникалық инспекторларсыз құрылған.
Өндірістік жарақаттардың себеп-салдарын анықтауға ай сайын сараптама жасалмаған. Бір сөзбен айтқанда, мұнай сервистік компания ҚР еңбек заңнамасы мен Еңбек кодексінің талаптары және Ұжымдық келісім шартты нақты орындамай отырғаны анықталды. Жұмысшылардың біліктілігі мен тәжірибелі маман екендігі де ескірілмейді. Тамақтануы мен тұрмыстық талаптары да сын көтермейді. Түнгі ауысымда жұмыс жасайтындарды тағаммен қамту қарастырылмаған.
Жұмысшылар сонымен қатар жалақыны еңбек заңнамасына сай беруді де талап етеді. Міне, осындай олқылықтарды анықтап, кәсіподақ жетекшілері қарапайым жұмысшылардың еңбек құқығы мен еңбек қауіпсіздігін заң талаптарына сай жақсартуды мақсат етіп, жұмыс берушіге хат жолдады. Жағдай жіті бақылауда.