«Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ның жергілікті кәсіподағы ҚБ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінің қорытындыларымен танысып, кәсіподақ қозғалысының маңызды мәселелері мен нақты бағыттарды айқындады.
«Съезд делегаты ретінде және осы салада қызмет жасап жүрген азамат ретінде нақты айта аламын кәсіподақ үшін ең маңызды бағдарламалық даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда 2020-2025 жылдарға арналған басым бағыттар нақты көрсетіліп, жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында жұмыстар атқарып, ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру, лайықты еңбекақы төлеу, зейнеткерлік жасты азайту бағытында нақты жұмыстар атқару тиіспіз. Қабылданған құжаттардағы нақты міндеттерді орындайтын болсақ, кәсіподақ жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, жаңа серпін беретініміз сөзсіз», – деді «Халықаралық Алматы әуежайы» кәсіподақ төрағасы Данияр Алтыбаев.
«Халықаралық Алматы әуежайы» кәсіподақ төрағасының орынбасары Мавлан Валиев: «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінің еңбеккерлерге, кәсіподақ ұйымдары мен әлеуметтік әріптестерге жасаған Үндеуін біз орынды деп санаймыз және қолдаймыз. Әділеттілік бар жерде дамуда болады, сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттігін арттырары сөзсіз. Сонымен қатар, қабылданған жаңа логотип те 5 жылда атқаратын жұмыстардың миссиясы мен мақсаттарын толық ашып тұрғанын байқауға болады. Шаңырақ біз үшін, яғни қазақстандықтар үшін ең маңызды атрибут болып саналады. Бір үлкен шаңырақ астында көптеген Еңбек адамын біріктіріп тұрған кәсіподақ әрбір мүше ортақ үйі іспетті екенін бәрілеріңіз білесіздер».
Кәсіподақ үшін Еңбек адамының лайықты өмір сүруі, жаңа дүниелерге ашық болуын, құқықтары мен мүдделерін қорғау – негізгі құндылық.