Ақтөбеде «Қызмет» салалық кәсіподағының жетекшісі Қарғалы ауданында бастауыш ұйым өкілдерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезінің қорытындылары туралы ой бөлісті.
Қарғалы ауданында болған кездесуінде аудан әкімі Асқар Жүсібалиев карантин кезінде атқарылған жұмыстарды да саралады.
Содан кейін аудан әкімі аппаратының жетекшісі Е. Есимбаевпен болған кездесуде Салалық кәсіподақ жетекшісі М. Сағындықова мен «Әдеп» жөніндегі уәкіл Р. Омарова мемлекеттік қызметшілердің оң имиждін қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар мен жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау, сонымен бірге оларға әлеуметтік қолдау жасау және алдағы қысқарту мәселелері жөнінде де ой бөлісті.
“Кез-келген қызметкер өзінің әлеуметтік тұрғыда және заң жүзінде қорғалғанын сезінуіне кәсіподақтың ықпалы зор.Жуырда өткен ҚР КФ 26-шы съезінде бастауыш ұйымдардың қоғамдағы ролін арттыруға үлкен үлкен мән беріліп отыр.Осы орайда алда үлкен міндеттер тұр”,деп атап өтті кездесу барысында Салалық кәсіподақ төрайымы.