Алматы қаласы Жетісу ауданы білім беру мекемелерінде 2020 жылы 2-қыркүйекте өткен Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХVІ съезі талқыланды.
Кәсіподақ съезі өз кезегінде маңызды құжаттар мен шешімдерді жиын барысында қабылдап, соның ең бастысы – «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» деген атаумен 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламаның қабылданғанын тілге тиек етті.
Алдағы 5 жылдыққа құрылған кәсіподақ қозғалысының мақсат-міндеттері барлық салада қызмет етіп жүрген еңбек субъектілерін қамтыған. Кәсіподақ өмірін белсендіру, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында азаматтардың өтініштерімен жұмысты күшейту, олардың негізгі өтініштері мен заңды талаптарын қанағаттандыру, кәсіподақтардың еңбеккерлермен байланысын нығайту мақсатында шаралар ұйымдастырылмақ.
Аталмыш бағдарламаның ең ерекше тұсы – еңбек адамын әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне көбірек екпін түсірген. Соның ішінде, әлеуметтік кепілдіктер, әлеуметтік көмектер, жалақы мәселесі, ең төменгі жалақыны арттыру, ең төменгі күнкөріс мөлшерін есептеу әдістемесін өзгерту, тұтыну себетінің құрамы мен құрылымын қайта қарау ұсыныстары қамтылған. Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері съезде көтерілген мәселелерге оң көзқарас білдіріп, қолдау танытты.