Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов «Қызылорда Тазалығы» серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Ашық аспан астында өткен кездесу барысында Серік Сермағамбетов қала тазалығына еңбек етіп жүрген жұмыскерлермен жұмыс барысы, еңбек қауіпсіздігі мәселелері туралы сөз өрбітті. Кәсіподақ көшбасшысы қазіргі таңда өтіп жатқан «NurOtan» партиясының праймеризіне қатысушылар арасында кәсіподақ өкілдерінің белсенділігі маңыздылығын атап өтіп, үміткер ретінде өзінің ұсынған бағдарламасындағы көтерілген мәселелер барысын баяндады.
Соның ішінде ең өзекті болып отырғандарының бірі еңбек ақының төменгі деңгейі, кәсіподақтармен көтеріліп, мемлекеттік қолдау мен әлеуметтік әріптестермен біріге шешуді қажет ететін күрделі мәселе ретінде праймеризге қатысушы С.Сермағамбетовтың бағдарламасынан да орын алып отыр.