Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов пен “Yntymaq” Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облысы филиалы төрағасы Ерулан Умирсериков «Қызылорда Автобус паркі» серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кәсіподақ көшбасшылары ұжымды өздерінің Праймеризге қатысушы ретіндегі бағдарламаларымен таныстырып, жұмыскерлердің ой-пікірлерін тыңдады.
Әлеуметтік әріптестік аясында бастауыш кәсіподақ ұйымында жүйелі серіктестік жолға қойылған, жұмыскерлердің еңбек жағдайы мәселелері дер кезінде қаралып, біріге шешіліп отыр. Пандемия кезінде жұмыс жасаған қызметкерлердің еңбек жағдайы бойынша кәсіподақтардан ұсынылған ұсыныстар жұмыс беруші тарапынан қолдау тауып, автобус паркіндегі медициналық қызметкердің штаттық кестеде қарастырылуы оң шешімін тапты. Еңбек ұжымы облыс кәсіподақтары төрағаларының қазірде өтіп жатқан үлкен саяси сайыстағы қадамдарына сәттілік тіледі.