Кәсіподақ үздіктері марапатталды

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ұжымы мен кәсіподағы Еңбек күнінде қажырлы еңбегімен көзге түсіп жүрген бір топ еңбеккерлерді марапаттады.

Өз жұмыс орындарында жоғары нәтижеге қол жеткізендері және ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп жүргендері үшін еңбек әулеттеріне де алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

36 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан әулеттен 6 адам үлгілі еңбек өнегесін көрсетіп, жастарға үлгі болып жүрген Досан Нұрқасов алғыс хатпен марапатталды.

Металлургтер ардагер Александр Гудебский, Бисен Умаргазиев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Александр Гудебский құрметті еңбек демалысына шықты. «Осындай аға буынның еңбегі көпке үлгі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеуде, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруде бұл шаралардың үлкен ықпалы бар. «Казхром» трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ұжымда елулі із қалдырған еңбек адамдарына құрмет қай кезден де ерекше. Біздер ардагерлерімізді мақтан етеміз», – деп атап өтті кәсіподақ төрағасы С.Мұқашев.