aikyn.kz: “Кәсіподақ белсенділерімен онлайн кездесу өтті”

Еңбек күні қарсаңында елордада Кәсіподақтар федерациясының тө­ра­ғасы Сатыбалды Дәулеталин пар­тияі­шілік праймеризге қатысушы­лар­мен онлайн режимінде кездесу өт­кізді.

Кәсіподақтардың осы сайлау науқа­ны­на қатысуы Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы арасындағы ме­мо­рандумды жүзеге асырудың сенімді жал­ғасы. Партияішілік праймериз Қа­зақ­стан­да тұңғыш рет өткізіліп отырғанын ес­керсек, кәсіподақ белсенділерінің мұн­дай саяси науқанға қатысуы – кәсіподақ қоз­ғалысы тарихындағы жаңа кезең. Ел тарихында бірінші рет өткізіліп отырған «Nur Otan» партиясының праймеризіне қа­тысуға 2,7 мың кәсіподақ белсенділері өті­ніш білдірді.

Оффлайн режимінде ұйымдастырылған кез­десуге еліміздің аймақтарындағы прай­ме­риздің 60-қа жуық қатысушылары, сон­дай-ақ Кәсіподақ федерациясы орталық ап­паратының өкілдері: Кәсіподақ фе­де­ра­циясы төрағасының орынбасары Н.Өте­шев,  КФ Халықаралық қатынастар бөлі­мі­нің бастығы Шерзот Пулатов, YNTYMAQ салалық кәсіподақ ұйымының тө­рағасы Қайрақбай Жанабеков, Қаза­қ­стан­дық салалық білімі және ғылым қыз­мет­кер­лерінің салалық кәсіподағы төра­ға­сы­ның орынбасары Әлия Әбиева және эколог Лаура Мәлік қатысты.

Жиынды  ашқан Саты­бал­ды Дәулеталин алдымен праймеризге қа­тысушыларды құттықтай отырып, кә­сіподақ белсенді­лері­нің сайлау процес­те­ріне қатысуы кәсіподақ қозғалысының не­гізгі басымдықтарының бірі екенін айт­ты.

– Сіздердің праймеризге қатысу­ла­рыңыз арқылы партия сайлаушылары-пар­тияластардың назарын ең маңызды қоз­ғаушы күш – еңбек адамына, оның өзекті проб­лемаларына аудару өте маңыз­ды. Сіз­дердің сайлауалды бағдарлама­лары­ңыз, ме­нің ойымша, әлеуметтік-еңбек сала­сын­дағы мәселелер мен олар­дың шешімдерін қам­тыған, бұл еңбек құн­дылықтарын наси­хаттаудың бір түрі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында ең­бектің біздің күн­делікті өміріміздегі жә­не жалпы қоғамның дамуындағы маңы­зы туралы ерекше атап өтті, – деді төраға.

Оның айтуынша, кәсіподақ бел­сенді­ле­рінің праймеризге қатысуы және жеңіске жетуі кәсіподақтардың қарапайым мү­шелері – кәсіпорындар мен ұйымдардың қыз­меткерлері үшін маңызды. Өйткені кә­сіподақ қозғалысы өкілдерінің заң шы­ғарушы органдарда болуы кәсіподақтардың жұмыскердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, лайықты жалақы мәселелерін шешу және олар үшін қауіпсіз жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін заңдарды қа­был­дауға тікелей әсер етуіне мүмкіндік бе­реді.

Осы міндеттер мен оларды жүзеге асы­рудың жолдары Федерацияның 2 қыр­күйекте өткен КФ-ның кезекті 26-съезінде қабылданған 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапқан болатын. Стратегияда аталған мақсаттарға жетудің құралдары анықталды. Олар: тиімді әлеу­меттік әріптестікті дамыту, жалақы мәсе­ле­­­лерін шешу, жұмыс орнында қауіпсіз жағ­дай жасау, кәсіподақ пен  еңбек заңна­ма­ларын жетілдіру.

Zoom онлайн бейнеконференция плат­формасы арқылы кездесуге қатысқан өңір­лердегі праймеризге қатысушы үміткерлер мен кәсіподақ белсенділері өз тәжірибе­лері­мен бөлісіп, сайлауалды тұғырнамадағы не­гізгі басымдықтарды талқылады.

https://aikyn.kz/75115/%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D2%9B-%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%BE%D0%BD%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D0%BD-%D0%BA%D0%B5/