Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесі мен Атқару комитетінде қабылдаған шешімдері таныстырылып, 10 қазан – Кәсіподақтар күнін атап өту барысы талқыланды. Кеңес төрағасы Серік Сермағамбетов праймеризге кәсіподақ өкілдерінің қатысуы маңыздылығын айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
“Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы 25 қыркүйектегі праймеризге қатысушы кәсіподақ белсенділерімен кездесуінде атап өткендей, кәсіподақ белсенділерінің партияішілік праймеризге қатысуы «Нұр Отан» партиясымен ынтымақтастықты дамытуда тәжірибелік нәтижелер береді” – деді Серік Сермағамбетов. Сонымен қатар, кеңес отырысында облыстық Үйлестіру Кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, кеңеске «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрағасы болып жақында сайланған Ахметов Бауыржан Қайбалдыұлы қабылданды.