Бұл туралы Орал қалалық жастар ресурстық орталығының «Soft Skills» алаңында «БҚО Кәсіподақтар Орталығы» АКБ жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы – Ақерке Шайқы толығырақ айтып өтті.
Ағымдағы жылдың 1 қазан күні Орал қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында жұмыссыз және оқу ордаларын бітіріп өзіне қажетті жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарға облыстық кәсіподақ орталығының маманы, өңіріміздің белсенді жасы Ақерке Шайқы жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, кеңестерімен бөлісті.
«Дәл қазіргі заман – жастар үшін өте ыңғайлы ағындағы заман деп ойлаймын. Біздің заман толқыны кез-келген жұмысшының қалау еркіндігін, тұрақсыз еркелігін көтере алады. Дегенмен, бүгінгі замандастарымның бұл тұрақсыздыққа еттері үйреніп кеткені жасырын емес. Жастар жұмыссыздығымен күресу дегеніміз – жұмыссыз жастарға жұмыс тауып беру емес, керісінше сол жұмыссыздық факторларына себепші қабілеттермен жұмыстану деп ойлаймын. Өңіріміздегі жұмыссыздықтың басты мәселесі – осы аудиторияда отырған 5 маманның жұмыссыз отыруы емес, тиісінше, аудитория сыртында жүрген 10 маманның тұрақсыз жұмыста жүруі деп ойлаймын. Бұл ретте жұмыссыздыққа дейінгі шаралар жасалу керек, сауатты-ақпараттық кеңселер ашылу керек, мектеп жасынан бастап мамандыққа деген салмақтылық дағдыларын қалыптасыруға ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын», – деді өз сөзінде жастардың өкілі Ақерке.