«SENIM» медицина саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы басшылығы медицина саласының ардагерлерін 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен 1380 ардагерге 4 млн тенгеден астам қаржы көлемінде көмек көрсетті.Оның ішінде қаржылай қолдау мен азық-түлік пакеттері де бар.
“Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам¬дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету бізге басты парыз. Қариялар – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар», – деген мақал бар. Сондықтан, біз қай кезде болсын ардагерлерімізді ардақ тұтамыз, оларды қолдау перзенттік парызымыз деп білеміз”, деп атап өтті кәсіподақ жетекшілері.