22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының қолдауымен Қазақстанның Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына (Ыстанбұл конвенциясы) қосылу перспективаларын талқылау бойынша консультациялар өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Ыстанбұл конвенциясы мен Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциямен анықталған халықаралық стандарттар мен нормаларды интеграциялау арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың қолданыстағы құқықтық және саяси негіздерін нығайту перспективаларын талқылады. Қатысушылар сондай-ақ осындай нормалар мен стандарттарды одан әрі жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен стратегиялары туралы пікір алмасты.
Талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, сарапшылар, даму саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар қатысты.
«Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдануда. БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы конвенциясы мен Бейжің декларациясына қосыла отырып, Қазақстан әйелдер құқығын сақтау мен қорғаудың кепілдіктерін растады. Ал, бүгін біз Ыстанбұл конвенциясының тұжырымдамалық маңыздылығын, оған қосылу үшін қандай шаралар қабылдау керек екенін, заңнаманы үйлестіру мәселелерін және келесі қадамдарымызды талқыладық», – деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Тарасенко Елена Ивановна. 2019 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағына арналған «Пекин +25» аймақтық шолу жиналысында және Найробиде өткен Халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның саммитінде Қазақстанның ресми делегациясы үкіметтің Ыстанбұл конвенциясын ратификациялау ниеті туралы хабарлады. 2020 жылы 22 сәуірде Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті Ыстанбұл конвенциясына Еуропа Кеңесіне мүше емес алғашқы мемлекеттер ретінде Қазақстан мен Тунисті шақыру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Азимова Эльвира Әбілхасымқызы өз сөзінде: «БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті өткен жылы Қазақстанға Ыстанбұл конвенциясына қосылу туралы ұсыныс жасады. Осыған байланысты құқықтық және отбасылық саясаттың міндеттерін ескере отырып, осы құжатты бірқатар ашық талқылауды қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі сұхбат келесі жылы тәжірибелі заңгерлердің немесе қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жалғасуы керек. Бұл тұрғыда басты міндет – азамат пен қоғамның зорлық-зомбылық үшін жазаның сөзсіз екендігі туралы санасын қалыптастыру керек екенін есте сақтау керек».
«COVID-19 басталғанға дейін де әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық пандемия деңгейіне жетті. Өткен жылы әлемде 243 миллион әйел мен қыз интимдік зорлық-зомбылыққа ұшырады. Сонымен бірге, зорлық-зомбылық көрген әйелдердің 40 пайыздан азы көмекке жүгінеді немесе көмек сұрайды. Коронавирустың таралуын тоқтату үшін елдер оқшаулау шараларын енгізген кезде, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық күшейе түсті – кейбір елдерде сенім телефонына қоңырау шалу төрт есеге артты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) бағалауы бойынша карантиннің әр 3 айы жаңа құрбандарға әкеледі – қосымша 15 миллион әйел», – деді Наргис Азизова, Еуропалық және Орталық Азия аймақтық «БҰҰ-әйелдер» құрылымының үйлестірушісі. – «Сондықтан қазіргі кезде үкіметтердің нақты іс-әрекеттері халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес зорлық-зомбылық құрбандарын тиімді және уақытылы қорғау мен көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады».
ЕСКЕРТПЕ:
2011 жылы 7 сәуірде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы жаңа конвенция «Ыстанбұл конвенциясы» қабылданды. Жалпы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция (1992ж.) және Декларацияда (1993ж.) Біріккен Ұлттар Ұйымы қолданған тұжырымдамаға сүйене отырып, «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты» Конвенция «адам құқықтарын бұзу және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің бір түрі» ретінде анықтайды, оған «гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық әрекеттері, бұл әйелдер үшін физикалық, жыныстық, психологиялық немесе экономикалық зиян келтіруге немесе азаптауға әкеп соқтыруы немесе әкелуі мүмкін, оның ішінде қоғамдық немесе жеке өмірде болсын, осындай әрекеттерді жасаумен қорқыту, мәжбүрлеу немесе бас бостандығынан бас тарту» жатады. Ыстанбұл конвенциясы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша үкіметтің іс-әрекеті үшін егжей-тегжейлі, жан-жақты және заңдық тұрғыдан міндетті стандарттарды қамтиды.
Құжат мұндай зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікке бағытталған және Еуропаны және одан тыс жерлерді гендерлік зорлық-зомбылықтан ада қауіпсіз жерге айналдыруға бағытталған қадам болып табылады. Конвенцияны ратификациялаған үкіметтер өз заңдарын өзгертуге, зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша практикалық шараларды енгізуге және құрбан болғандарды қолдауға, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен күресу үшін ресурстар бөлуге міндетті. Ол әйелдерге, балаларға және мәжбүрлі некеге қарсы зорлық-зомбылықтың, мәжбүрлі түсік жасатудың және мәжбүрлі түрде зарарсыздандырудың кең ауқымды түрлерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді. Сонымен қатар, мемлекеттерден зорлық-зомбылықты алдын алу, құрбандарды қорғау және қылмыскерлерді жауапқа тарту, сондай-ақ заңнаманың қылмыстық және азаматтық ережелері арқылы кешенді саясатты әзірлеу, қызмет көрсетуді жақсарту, ресурстарды бөлу және мәдениетті түрлендіру бойынша шаралар қабылдауды талап етеді. Ыстанбұл конвенциясын 34 мемлекет ративикациялап, 12 мемлекет қол қойған.