Бүгін ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясының жаңадан сайланған төрағасы Маликшо Неъматзодамен телефон арқылы сөйлесті.
Екі елдің кәсіподақ көшбасшылары өзара тиімді ынтымақтастыққа уағдаласты. ҚРКФ төрағасы Маликшо Неъматзоданы Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясының төрағасы болып сайлануымен құттықтады.
Тараптар екі елдегі әлеуметтік-еңбек саласын жақсарту бойынша бірлескен жобалар жасауға, жүзеге асыруға, тәжірибе алмасып, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісті.
Сонымен қатар, екі ел кәсіподақтары федерацияларының төрағалары Жаңа жылға орай мерекелік тілектерін жеткізді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы