Тәуелсіз байқаушылар «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы» өкілдерімен кездесті

Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығының байқаушыларының өңірлік штабының мүшелері «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы» өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Кәсіподақтар орталығының төрағасы, Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығының байқаушыларының өңірлік штабының төрағасы Шадрах Ермекбайұлы қатысушыларға республикалық және аймақтық штабтардың жұмысы туралы айтып берді.

«Президент Қ.Тоқаев сайлау науқанын ойдағыдай өткізу үшін үгіт-насихат жұмысын жоспарлы түрде, “халықпен кездесу өткізу арқылы керек” деп, нақты тапсырма берді. Осындай ашық диалог арқылы сіз бен біз тағы да жақындай түсеміз”, – деді сөз басында «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының төрағасы Кенжеғали Сағидоллаұлы.

Кездесудін негізгі мақсаты – өңірдің жай-күйімен танысу, қарапайым тұрғындармен кездесу арқылы жергілікті тұрғындарды толғандырып жүрген нақты мәселелерді анықтап, оларды шешуге атсалысу және жұртшылықты алдағы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру.

Кездесуде қатысушылар өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.