Кәсіподақ бастауыш ұйым мүшелерін құттықтады

Ақтөбеде құрылыс саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп келе жатқан, тәжірибелі мамандар, бастауыш ұйым мүшелеріне құрмет көрсетілді.

Жуырда ғана Ақтөбедегі «Ак пром» ЖШС ұзақ жылдар бойына жемісті еңбек етіп келе жатқан мамандары Николай Иванов пен Виктор Чугуев екеуі кәсіподақ тарапынан марапатталды.

Құрылыс саласы – қай кезде де құрметті және жауапкершілігі мол сала. Ақтөбе өңірі аумағындағы әлеуметтік және өндірістік нысандардың сапалы және мерзімінде іске қосылуында құрылысшылардың еңбегі өлшеусіз. Бастауыш кәсіподақ тарапынан Николай Иванов 60 жасқа және Виктор Чугуев 55 жасқа толуы қарсаңында алғыс хаттармен марапатталды.

“Әрине, қандай құрылыс болсын, үлкен жауапкершілік пен еңбекқорлықты талап етеді. Ақтөбе қаласында бой көтерген маңызды өндірістік нысандарда өз қолтаңбаларын қалыптастырған, еңбегімен басқаларға үлгі болып жүрген әріптестерімізді мерейтойларымен құттықтаймыз. Туған өлкеміздің дамып,өркендеуіне үлес қосып жүрген бастауыш ұйым мүшелеріне біз үнемі көңіл бөлеміз. Олардың еңбек жолдарын жас мамандарға үлгі етеміз”, – деді бастауыш ұйым жетекшісі Галина Булах.