Жетісу университетінде спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды

2021 жылдың қаңтар айының 5-13 аралығында университет спортклубы мен университет кәсіподағының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер арасында онлайн форматта Спартакиада жарыстары ұйымдастырылды.

Жүлделі орынға ие болған командалар мен спортшылар І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Басқарма төрағасы – Ректор кубогі, медаль және грамоталармен марапатталды. Университет кәсіподағы Спартакиада жарыстарында жүлделі орындарға ие болған командаларға сыйақылар табыстады.