Бірлескен жұмыстың қорытындылары мен жоспарлары талқыланды

Кәсіподақтар үйінде Қарағанды өңірінің салалық кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің жаңа жылдағы алғашқы отырысы алғаш рет онлайн және офлайн режимдерде өтті.
Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Үйлестіру кеңесінің мүшелерін 2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына өткен сайлау қорытындыларымен таныстырды.
Мейрамбек Төлепберген, Екатерина Смышляева және Берік Бекжанов – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тиісінше Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталықтарының басшылары-әріптестер «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып сайланды.
Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының бірқатар өкілдері облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға депутаттар болып сайланғанын атап өту керек.
«Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің өкімі негізінде жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының құрамына құрылымдық өзгерістер енгізілді.
Қарағанды облысының әкімі, кәсіподақтар бірлестіктері, кәсіпкерлер қауымдастықтары және облыстың жұмыс берушілері арасындағы Келісімдерге қол қоюды дайындау бойынша алда тұрған жұмысқа байланысты Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы әкімдер, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдері арасындағы Келісімдердің жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өңірлердегі кәсіподақтар өкілдерінің құрамы туралы мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша Үйлестіру Кеңесінің мүшелері кәсіподақ ұйымдарының барлық өкілдерінің қатысу тәртібін анықтады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына кіретін Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіруді жақсарту және жұмысын жандандыру мақсатында Үйлестіру Кеңесінің құрамына қосымша: Ерсін Абдулманафов – «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Евгений Буслаев – «КАЗУГЛЕПРОФ» Салалық көміршілер кәсіподағы Қарағанды облысының «Қорғау» көміршілер Жергілікті кәсіподағының төрағасы, Вера Бородина – «YNTYMAQ» Қазақстандық салалық орта және шағын бизнес қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облысының кооперация, кәсіпкерлік және қызметтер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы, Марат Қоңырбаев – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жезқазған өңіріндегі білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы, Раушан Қожабаева – «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Жезқазған өңірлік филиалының төрайымы, Виктор Щетинин – «КАЗПРОФМЕТАЛЛ» Салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Жақтау» металлургтер кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды.
Үйлестіру Кеңесінің мүшелері 2021 жылға арналған негізгі іс-шаралар кешенін бекітті, жақын болашақта шешілуі қажет мәселелер тізбесін айқындады.

#ҚРКФ #Қарағанды