Сайлау науқанына белсенді қатысқан кәсіподақ өкілдері марапатталды

Қарағанды облысының жастарының өкілдеріне, соның ішінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің белсенділеріне «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттары табыс етілді.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу бойынша жұмысқа қатысу және жергілікті жерлерде кандидаттардың сенім білдірген адамдары ретінде мүдделерін білдіру, бірінші кезекте, әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік және үлкен тәжірибе. Жастар барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауын өткізу процесіне үлкен қызығушылықпен қатысты.

Сайлауалды науқандарға белсенді қатысқаны үшін жастар өкілдері: «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Айжан Таубебаева, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Али Абжанов, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бас маман Аймира Баграмова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының маманы Ұлжан Ишанова, сондай-ақ бірлескен жұмыс бойынша аға әріптестеріміз: Татьяна Шатохина – Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, Света Шардарбекова – Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы татуластыру орталығының басшысы және «KYZMET» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ерсін Абдулманафов марапатталды.