astanatv.kz: “Қазақстанда жұмысшыларға арналған халықаралық еңбек нормалары енгізілуі мүмкін”

Кәсіподақ Федерациясы халықаралық еңбек нормаларын, Қазақстанға енгізуге ниетті. Ол үшін алдымен қолданыстағы еңбек заңнамасын жетілдіруді көздеп отыр. Айтуларынша, қазір Мәжілісте осы салаға жауапты депутаттар мен түрлі сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құру мәселесі қаралып жатыр. Басты мақсат – елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту. Федерация өкілдері 42 мың 500 теңге қазақстандықтардың бар қажеттілігін қанағаттандыруға жетпейді, дейді.

Сатыбалды ДӘУЛЕТАЛИН, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Заңнамалық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мынау халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын ратификациялау мәселесі. 131,102-ші деген бір конвенциялар бар. Онда мына ең төменгі жалақы мөлшерін қалай реттеу мәселелері сол жерде көрсетілген. Бұл енді халықаралық стандарттар ғой. Ал енді сол халықаралық еңбек стандарттарының біздің заңнамамызға ендіру, бірден-бір міндет. Еңбек заңнамасын жетілдіру идеясын Мәжіліс депутаттары да қолдауда. Олар жаңа ереже жұмысшылардың қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, еңбек сапасының жақсаруына да әсер етеді деп отыр.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “NUR OTAN” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жалақының өсуі ең алдымен еңбеккердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі.  Түрлі әлеуметтік пакетке мүмкіндік алуы. Бұл қатарға медицина қызметкерлері мен педагогтар, сондай-ақ шағын және орта бизнестің өкілдері де кіретін болады.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “NUR OTAN” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Кәсіподақ бүгінде еліміздегі түрлі  әлеуметтік-еңбек қатынастарын шешудің маңызды құралына айналып отыр. Әрине, әрбір партия үшін, оның ішінде Парламент Мәжілісі үшін, ең алдымен, еліміздің әл-ауқатын арттыру маңызды. Бұл ретте біз кәсіподақтың көмегімен нәтижелі жұмыс істейміз деп сенеміз. А. Мүтәлі

https://astanatv.kz/kz/news/59183/