Кәсіподақ достық көрмесіне қолдау танытты

Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы шекаралас облыстардың мәдени ынтымақтастығы шеңберінде «Достық түстері» атты ақтөбелік суретшілердің көрмесі ашылды.

Бұл мәдени іс-шараны ұйымдастырған «Еуразия қазақтары» халықаралық қазақтар қауымдастығы. Орынбор мемлекеттік экономикалық мектеп-интернаты колледжінде ашылған бұл көрмеге Ақтөбе облысы мәдениет басқармасы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт саласы қызметкерлерінің Салалық кәісподағы Ақтөбе филиалы қолдау көрсетті. Бұл – Ресейде ұйымдастырылып отырған дәстүрлі 4-ші көрме. Көрме қонағы – танымал ақтөбелік суретші, бастауыш ұйым мүшесі Марат Ғабдрахманов. Оның көптеген туындылары, мүсіндері Ақтөбе мұражайларында ғана емес, АҚШ, Германия, Франция т.б. шетел азаматтарының жеке колллекцияларында да сақтаулы.

«Өнердің тілі көпке ортақ. Екі ел арасындағы мәдени рухани байланыстарды одан әрі дамытуда осындай көрмелердің ролі ерекше. Бұл өзара достық пен ынтымақтастығымызды нығайта түсері сөзсіз», – дейді Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинова.