Әлеуметтік әріптестер әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

Бүгін  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Серік Шапкенов және ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен кездесті.

Онда тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім жобасын талқылады. Кәсіпорындардағы еңбек дауларының алдын алу және шешу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жалақыны көтеру мәселелері де талқыланды. Сонымен қатар,  еңбек және кәсіподақ заңнамасын жетілдіру мәселелері де көтерілді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы