ҚР Кәсіподақтар федерациясының “Келешек” жастар кеңесінің отырысында екі жаңа кәсіподақ жобасының тұсаукесері өтті.
Нұрлан Өтешев – ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары жұмысшылардың мәселелерін шешуде Кәсіподақтар федерациясының қызметіне кәсіподақ мүшелерін, жастарды және кәсіподақ ұйымдарын тарта отырып, әлеуметтік маңызды кәсіподақ жобаларын анықтауға және іске асыруға бағытталған “Халық бюджеті” кәсіподақ жобасын таныстырды.
Екінші жоба, “30 Еңбек Елшісі”, дарынды жастарды кәсіподақ қызметіне тартуға, еңбек құндылығын насихаттауға және жастардың өзін-өзі танытуы үшін тиімді әлеуметтік лифт жасауға бағытталған.
Кәсіподақтар федерациясы жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова өз сөзінде жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқанын және “30 Еңбек Елшісі” қоғамдағы кәсіподақтар бейнесін өзгертуге, жастар ортасындағы кәсіподақ мүшелігінің тартымдылығына жәрдемдесуге шақырылғанын атап өтті.
“30 Еңбек Елшісі” жобасына 14 облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының 35 жасқа дейінгі кәсіподақ мүшелері қатыса алады. Қатысушылардан өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 10-26 ақпан аралығында kasipodaq.kz сайтында орналастырылған өтінім нысаны бойынша критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. Өтінімдер ішінен 30 үміткерді сараптамалық комиссия 01.03.2021 ж. дейін іріктейді. Толық ақпаратты Кәсіподақтар федерациясының сайтынан немесе жоба ұйымдастырушысы – Дария Хамитжановадан алуға болады (тел. 8 705 168 25 77 – WhatsApp, эл. пошта: dariya_15.08.94@mail.ru).
Жобаны іске асыру кезеңінде, ағымдағы жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында, “30 Еңбек Елшісі” жобасы жеңімпаздарының қатысуымен оларды жеке және кәсіби ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізілетін болады. Сонымен қатар, семинар-тренингтер, оның ішінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен жоспарланған.
Өтініш берген кезде үміткерге еңбек немесе кәсіподақ қызметінде белгілі бір жетістіктер, ҚР-да кәсіподақ қызметін дамыту бойынша ұсыныстар болуы қажет.
Жеңімпаздармен алғашқы кездесу ағымдағы жылдың 11 наурызында “Щучинский” шипажайында жоспарланған.
КӘСІПОДАҚТЫҢ БАРЛЫҚ ЖАС МҮШЕЛЕРІН ЖОБАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!