2021 жылы 9 ақпан күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин мен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қабылдауында болды.
Онда талқыланған мәселелердің бірі – кәсіпорындарда еңбек дауы мен әлеуметтік шиеленістердің болуына жол бермеу, оның алдын алу болжамдары картасын жасап, болжамды кәсіпорындардың басшыларымен кездесу, Әлеуметтік әріптестіктің Үш жақты комиссиясы отырысында тыңдауға қою, қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізілетін комиссияны қала әкімінің қатысуымен және оның басқаруымен өткізу, комиссия өткізетін орынды әкімдікте ғана емес, кәсіподақ алаңында немесе кәсіподақтар орталығының ғимаратында өткізу, төрағалықты кезектесіп басқару немесе бірде қала әкімі және қала әкімінің орынбасары басқарса, кейінгі комиссия отырысын Аумақтық кәсіподақ бірлестігі төрағасының басқаруымен өткізу практикасын енгізу ұсынылды.
Аталған ұсыныс қала әкімінің тарапынан қолдау тапты.