“Еңбек адамдарының құқығы, жалақысы мен демалыстарына байланысты туындайтын түйткілді мәселелерді кәсіподақ ұйымы қалай ұтымды шешуі тиіс және оның тиімді жолдары қандай?”
Осы сауалдарға Ақтөбе қалалық 3-ші сотының төрайымы мен судьялары онлайн форматта өткен кеңесте нақты түсініктер берді.
Еліміздегі еңбек заңнамасын және оны қалай қолдану қажеттігі мен еңбек дауларының алдын алудағы келісім комиссиясының маңыздылығы баяндалды. Облыстағы салалық және жергілікті кәсіподақ жетекшілері өз сұрақтарын қойып, қажетті жауап алды. Семинар барысында биылғы жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.