БҚО Кәсіподақтар Орталығында облыстық ірі кәсіподақ ұйымдарының қызметтік жиналысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған келісім аясындағы сұрақтар және ҚР КФ Атқару комитетінің «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасы талқыланды. Аталған мәселелерді кәсіподақ мүшелеріне жеткізу мақсатында салалық кәсіподақ активтерінің және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жиналыстарында талқылау ұсынылды. Сондай ақ кәсіподақ ұйымдарындағы еңбек дауларын алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері бекітілді.