Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов аймаққа жұмыс сапарымен келген «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағының төрағасы Вячеслав Вавилинмен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары, негізгі жұмыс қағидаттары, аймақтағы жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайлары мен саладағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастары мәселелері бойынша пікір алмасты.
Вячеслав Вавилин жергілікті кәсіподақтың Қызылорда облысы филиалы төрағасы Гажданбек Бисенбаевпен таныстырып, филиалдың Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесе жұмыс жасауына сенім білдірді.
Сонымен қатар, ол аймақтың кәсіподақ көшбасшысы Серік Сермағамбетовке Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» естелік төсбелгісін табыс етті.