2021 жылдың 11 ақпанында Шымкент қаласының Қаратау аудан әкімдігінде 30-ға жуық адам қатысқан аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен және жұмыскерлерімен “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов бастауыш кәсіподақ ұйымы ашу бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында С.Әуесханов Қазақстан Республикасының Еңбек қатынастары туралы Заңдарына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспарымен, өндірістік жазатайым оқиғаларды және зиянды жұмыс орнындарын азайтуға бағытталған Жол Картасымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы БАС КЕЛІСІМ шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарымен, Мемлекеттік органдардың кәсіподақтар бірлестіктерімен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен, Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі арасында жасалған өзара әлеуметтік – әріптестік меморандумымен, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесінің қаулысымен бекітілген бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы Ережесімен таныстырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.