Шымкентте жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

2021 жылдың 11 ақпанында “Фиркан” ЖШС-де бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

Мекемеде 2 мыңға жуық адам жұмыс жасаса, оның 544 адамы кәсіподақ мүшелігіне кірді. Ұжымда өткен жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Зухра Астерова сайланды.

“Фиркан” ЖШС-і «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.

“Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы  Бауржан Әлтеев және “Фиркан” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Зухра Астерова өзара келісімшартқа қол қойды.